A place where you need to follow for what happening in world cup

Жуалыда «Біз біргеміз» тақырыбында кездесу өтті

376

Жуалы ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шақпақ ауылдық округінде «Біз біргеміз!» атауымен этнос өкілдерімен кездесу өтті.

Этносаралық қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған басқосуға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков, «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол Дүрәліұлы, Әзірбайжан этномәдени орталығының төрайымы Эсмира Мамедова мен Шақпақ ауылдық округін мекендейтін этнос өкілдері қатысты.

Жиын барысында Әзірбайжан этномәдени орталығының төрайымы Эсмира Мамедова ұлттық қасиетті сақтап, татулық пен достықтың туын биік ұстаған Қазақ елі екенімізді ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, тәрбие тал бесіктен екенін айта өтіп, отбасында күнделікті бірлік пен татулық туралы айтып отыру керектігін баса айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.