«Бүркіт» мемлекеттік әуе компаниясының ұшақтарындағы «Kazakhstan» деген жазу «Qazaqstan» деп ауыстырылды. Желіде ұшақтардың суреті тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Үкіметтік борт тақтасы жаңа бояумен боялды», — деп жазды Қазақстан авиациялық клуб әкімшісі Николай Устинов.
Ол жариялаған суретте UP-2101 құйрық нөмірі бар үкіметтік Airbus 321 ұшағын бұрынғыдай «Kazakhstan» емес, «Qazaqstan» деген жазу безендіріп тұрғаны байқалады.
2016 жылдың қарашасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сенатының спикері қызметіндегі кезінде: «Қазақстанның ағылшын тіліндегі нұсқасында “Qazaqstan” жазылу нұсқасы мемлекетіміздің болмысын дәлірек көрсетеді», – деп баса айтқан болатын.