A place where you need to follow for what happening in world cup

«17 жыл сенсіз өте қиын»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасын еске алды

89

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасын еске алып, жан сырын ақтарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әрі актриса Instagram парақшасында анасының суреттерін жариялап, оған деген сағынышын жеткізді.

«Анашым, жеке мереңмен. 17 жыл сенсіз өте қиын.
Иә, сағынып еске алдым мен бүгін,
Жетпей қалды маған берген жылуың.
Ана деген үш ақ ауыз сөзімді,
Айта алмай қиналдым мен бүгін», — деп жазды ол.

Одан бөлек, Ақбота өмір туралы ой толғағымен бөлісті.

«Өмірдің әр кезеңіне өткен сайын бұрынғыдан есеп аласың. Кімдер жолықты, нелер болды? Қуанышың мен қайғыңды кімдер бөлісіп, кімдер үнсіз кете барды? Жақының жатқа айналып, бір жақсыдан үміт күтіп, келер күніңді сол үмітпен жалғар сәттер бәрімізде болған шығар.

Ең жақсы естеліктер мен ең жаман күндеріңді ұмыту қиын. Өміріңде бар болған нәрселерді ұмытуға тыраштанбай, мойындап, солармен бірге өмір сүру — ерлік һәм бақыт.

Әркім өмірден өз үлесін алып, әдемі ғұмырдың иесі болуға талпынады. Келешекте кіммен кездесіп, кіммен қоштасатынымыз құпия», — деп жазба қалдырды Сейтмағамбет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.