A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбылдық 6 ақын республикалық айтысқа жолдама алды

262

К.Әзірбаев атындағы «Баласағұн» концерт залында «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» атты республикалық ақындар айтысының облыстық іріктеу кезеңі өтті.
Ақындардың өнерін бағалайтын сараптау комиссиясының мүшелері «AQJOL» газетінің директор-Бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы, облыстық «ARAI» газетінің директор-Бас редакторы Дәулет Төленді, «Nur Otan» партиасы Жамбыл облыстық филиалының қызметкері Айнұр Келімбетова, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілері халықаралық Одағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Ахметжан Өзбеков, айтыс ақындары Айтмұханбет Исақов пен Алтынгүл Қасымбекова болды.
Ақындардың жұп құрап, қарсыласты анақтауы жеребе тарту рәсімі бойынша анықталды.
Шарада жалпы саны 35 ақын 18 жұпты құрап айтыс жасады. Іріктеу нәтижесінде байзақтық Рай Дөңбай мен Дархан Әбдіманат, Талас ауданының ақыны Есет Досалы, Мойынқұмнан Ғабит Есдәулет және Жамбыл ауданының жас ақыны Шапағат Сәбитқызы айтыстық ақтық республикалық кезеңіне жолдама алды. Өткен жылғы дәл осы тақырыптағы республикалық айтыстың жеңімпазы Қанат Мырзахан да алдағы айтыста өнер көрсетеді.
Айта кету керек, айтыстың ауылдық іріктеу кезеңіне 145 үміткер қатысқан болатын. Ал, аудандық, қалалық іріктеу кезеңіне 102 ақын, облыстық іріктеу кезеңіне 42 ақын жолдама алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.