A place where you need to follow for what happening in world cup

Семейде 23 жастағы қыз көпірден секіріп кеткен

94

Семейде 23 жастағы қыз аспалы көпірден Ертіс өзеніне секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Semeynews.kz порталына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 4 тамызда таңғы сағат 10:00 шамасында кеме күзетшісі кезекші бөлімге қоңырау шалып, ағынмен бір қыздың қалқып бара жатқанын жеткізген.

«Біздің құтқарушылар қайықпен оқиға орнына барды. Қыз тірі, тек су жұтқан. Ол станцияға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның бетінде көгерген іздер болды», — деп түсіндірді Төтенше жағдайлар департаменті.

Анықталғандай, қыз психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған және ол биыл екінші рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.