A place where you need to follow for what happening in world cup

Атыраудағы жаңа саябаққа Елбасының аты берілмейтін болды

81

Атырауда тутұғырдың артқы жағынан салынатын жаңа саябақтың құрылысы биыл күзде басталады. Жобаның жалпы құны – 6 млрд 314 млн 754 мың теңге деп хабарлады turkystan.kz. «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.

Мұнайлы шаһарда 2022 жылы 7 субұрқақ, балалар ойнауға арналған алаңдар, спорттық жаттығу алаңдары, амфитеатр және т.б. заманауи саябақтың бой көтеретіні туралы жыл басында хабарланған.

Облыстық Құрылыс басқармасының мәліметінше, саябақ алғашында Тұңғыш президент саябағы болады деп жобаланып, ішіне көптеген ерекше дүниелер енгізу жоспарланыпты. Алайда кейін шығынды азайту мақсатында  жобаға қайтадан түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, амфитеатр және басқа да бастапқыда жоспарланған ерекше дүниелер болмауы мүмкін.

Саябақ жобасы биыл 25 шілдеде сараптамадан өтіп, оң қорытындысы алынды. Ал демеуші «NCOC NV» компаниясы мердігер мекемені конкурс арқылы өздері анықтайды. Құрылысты бастау 2022 жылдың қазан-қараша айына жоспарланған. Ұзақтығы – 9 ай.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.