A place where you need to follow for what happening in world cup

Қураған ағаштар мен сарғайған жапырақтар: 400 млн теңгеге салынған саябақтың кейпі елордалықтар наразылығын туғызды

70

Құрғақ ағаштар отырғызылған шағын саябаққа төрт жүз миллионнан астам қаражат жұмсалған. Нұр-Сұлтанда ықшамаудандардың бірінде тұрғындар бюджет қаражатының дұрыс жұмсалмағанына наразы болды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қазіргі скверде ағаштар қурап, жапырақтары сарғайған. Елорда тұрғындары саябақты бірнеше жыл күткен.

“Мұны сквер емес балалар алаңқайы деп атау керек. Мұндай бір-екі тал жапырақ өсіріп қоя салатын тәжірибе дұрыс емес”, – дейді эко белсенді Татьяна Коршунова.

Бұл жерде тек бір сырғанау төбешігі мен әткеншектер ғана қойылыпты. Тұрғындарға мұндай шағын саябақ ұнамайды.

“Арба сүйреген аналарға саябат ыңғайсыз.  Бордюрлер биік, пандустар жасалмаған. Камера, жарық, бейнебақылау қызметтері жоқ.  Мүмкіндігі шектеулі адамдар шыға алмайды.

Кеше мысалы көз алдымда арбаға таңылған ер адам көтеріле алмады. Ең үлкен мәселе – тротуарлардың жоқтығы. Балалар үйден жүгіріп шығады, жол бойында скутер, велосипед айдап жүргендер бар. Өте қауіпті”, – дейді қала тұрғыны Айгүл Байтұрсынова.

Свкердің құны 413 млн теңге, ауданы – 1,6 га. Қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімінде саябақ жарияланған жобаға толығымен сәйкес келеді деп есептейді.

Ағаштар басқа құрылыс алаңы аумағынан көшірілген. Ал ағаш отырғызуға арналған қаражатты басқа шығынға жұмсаған екен.

“Дендрологпен бірге барлық ағаштарды қарадық. Оның айтуынша, жер ауыстырылғаннан кейін ағаштардың жапырақтары міндетті түрде түсіп, қайтадан өседі.

Ал олар өспей қалған жағдайда мердігердің кепілдігі бар. Екі жыл ішінде ол өсімдіктерді қайта отырғызуы керек”, – деді Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдлану бөлімінің басшысы Қыдыр Жиенәлі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.