A place where you need to follow for what happening in world cup

«Мерзімі 2 жыл бұрын өткен»: Жамбыл облысында жаңа есту аппаратына қол жеткізе алмай жүрген оқушылар президентке үнсіз үндеу жолдады

56

Жамбыл облысында құлағында мүкістігі бар оқушылар президентке ыммен үндеу жолдады. Себебі ескірген есту аппаратының кесірінен оқушылар мылқау күйге түскен. Ал мемлекеттен берілуі керек аппараттар түрлі жағдайға байланысты кешігіп отыр. Енді оқушылар жаңа оқу жылында дәрістерді қалай тыңдайтындарын білмейді, деп хабарлайды Stan.kz 

Есту қабілеті нашар балалар дыбысты арнайы қондырғы арқылы ғана естиді. Алайда оқушыларға кохлеарлы имплант аппаратының қол жеткізбес арманға айналған. Бес жыл сайын тегін берілетін құрылғыларының мерзімі өткелі екі жыл болыпты.

“Артқы миға жалғанған. Арнайы магниті бар. жабыстырылған кезде естіледі. Ал енді бұл 5 жылда ауыстырылып тұру керек. Одан асып кетсе, баланың естуі нашарлап кетеді”, – деді ата-аналардың бірі Жансая Жаманғариева.

Аталмыш құрылғыға бүгінде 37 оқушы мұқтаж. Әр түрлі сыныпта оқитын олардың құрылғыларының кейбірі істен шыққан, ал тозығы жеткендерін қолдану қолайсыздық тудырады екен.

“Тақ десең тақпайды. Шиқылдап басым ауырады, дейді. Себебі мерзімі өтіп кеткен”, – деп қосты ата-аналардың бірі Жақып Төлеулиева.

“Кепілдік мерзімі біткеннен кейін батарейкалары да қуатталмайды. Мен екі балама алып беруге жағдайым келмейді. Жоғарыда отырған бастықтардың қателігі үшін балалар зардап шекті. Балалардың көз жасына қалып отыр”, – дейді Айгүл Тоқназарова.

Кепілдігі бес жылға жарамды құрылғылардың кейбірі мерзімінен бұрын бұзылады. Мұндай жағдайда ата-ана бүлінген бөлшегін өз қалталарынан жасау керек. Дегенмен мұндағы балалар жеті жылдан бері жаңасын ала алмай келеді. Үкіметке үміт артқан оқушылар шенділерге үнсіз үндеу жолдаған.

Жауаптылардың сөзінше, кохлеарлы имплант аппаратының кешігуіне тапшылық себеп болған. Бюджеттен қаржы бөлінгенімен, 2021 жылы шетелден алып келу мүмкін болмаған. Биыл мемлекеттік сатып алу заңдылығымен байқау жариялау жоспарланған. Бірақ оның өзінде де мәселенің шешілуі екіталай.

“Конкурс рәсіміне байланысты. Егер өткізген адамдардікі құжат дұрыс болмай қалса немесе алтернатив табылмаса, мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес қайтаруы мүмкін”, – деп мәлімдеді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ғалижан Мейірманов.

Шенділер бір аптадан соң конкурс жарияламақшы. Олар қалай болғанда да құрылғымен толық қамтуға күш салатындарын айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.