A place where you need to follow for what happening in world cup

«Әділдік жеңеді»: Бақытгүл Хаменова сотта мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

471

Бүгінгі Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысына шенеуніктің жақындары мен жанашырлары қатысты. Жақындары оның сегіз ай тектен-тек қамауда отырғанын айтып ашынды деп хабарлады turkystan.kz  

Бірақ Бақытгүл Хаменованың өзі әділдік болатынын айтып жиналғандарды жігерлендіріп қойды.

Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының ескерткішін орнатқан кәсіпкерден 4 млн 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталған шенеуніктің ісі бұл жолы да аяғына жетпеді. 3 тамызда Атырау қаласындағы №2 сотта басталған сот отырысы 20 минутқа созылып, 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.