Сәуір айында төртінші рет тұрмысқа шыққан Айнұр Нұрсейіт жүкті екенін хабарлады. Ол үшінші перзентін күтіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құрсақ көтергеніне бірнеше ай болған Айнұр видео жариялап:
«Өздеріңіз де түсінгендей, құттықтаулар қабылдаймыз», – деп жазды.
Әріптестері мен оқырмандары Айнұрды жарыса құттықтады.
Айта кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Айнұр Нұрсейіт төртінші рет тұрмыс құрды. Алдыңғы үш некесі сәтсіз аяқталған блогердің екі перзенті өсіп келеді.