A place where you need to follow for what happening in world cup

Қарағанды облысындағы сегіз адамның өмірін жалмаған жол апаты: Оқиғаның мән-жайы айтылды

78

16 шілдеде Қарағанды облысында жүк көлігі мен 17 адам болған микроавтобус соқтығысып, 8 адам қаза тапқан еді. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, минивеннің рөлінде 17 жастағы жасөспірім отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат түнгі 03:20-да Қарағанды облысы Шет ауданында болған. «Алматы-Екатеринбург» тас жолында «MAN” жүкі көлігі мен «Mercedes Sprinter» микроавтобусы соғылған. Минивен салонында 17 адам болған.

7 адам оқиға орнында жан тапсырса, тағы бір адам ауруханаға барар жолда қаза тапты. Түрлі дене жарақаттарымен 9 адам ауруханаға жеткізілген.

«Себебі неде? Біздің көлік жүргізушілері жұмыс уақытын сақтамайды. Бұл жүргізуші Алматыдан Нұр-Сұлтанға бара жатқан. Балқашқа дейін айтарлықтай қашықты жүрген соң рөлге кәмелетке толмаған жасөспірімді отырғызған. Жасөспірім 200 шақырым жол жүрген соң жолдың қарсы бетіне шығып, жүк көлігіне соғылған», – деді Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Исмағұлов.

Апат салдарынан жүргізуші мен кәмелетке толмаған жасөспірім де ажал құшты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.