A place where you need to follow for what happening in world cup

Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары қызметінен кетті

86

Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Рустам Әбдірахманов Алматы полиция департаменті басшысының тергеу жұмыстары бойынша орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әбдірахманов Алматы облысы полиция департаментінде дәл осы лауазымға тағайындалған.

«Лауазым мен үшін таңсық емес, ал аймақ – ерекше, оның үстіне мені бұл облыспен туған үйім, балалық шақ пен мектеп байланыстырады. Ведомство басшылығының сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқығын қорғауда, әділдікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктерді ашады», – деді Рустам Әбдірахманов.

Оның сөзінше, бұл тағайындалу – кәсіби мансабындағы жаңа кезең.

«Өмірлік және қызметтегі қағидаларым өзгеріссіз қалатынын айтқым келеді. Мен ә уақытта конструктивті диалогқа ашықпын және объективті сынды тыңдауға дайынмын. Менің ақпараттық ресурстарым әлі де қол жетімді», – деді Рустам Әбдірахманов.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.