A place where you need to follow for what happening in world cup

Үш жылдан бері ауыр дертке шалдыққан бес жастағы бүлдіршінге «Қазақстан халқына» қоры қаражат беруден бас тартқан

59

Үш жылдан бері баласының еміне ақша таппай сабылған елордалық азаматтың өтінішін «Қазақстан халқына» қоры қанағаттандырмаған. Ал ауыр науқасқа шалдыққан ұлының диагнозын тек шетелдік мамандар емдеуге қауқарлы. Соны біле тұра, қордың неге қаржы беруден бас тартқанын Ғалымжан Аманқұлов түсінбей дал. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Сіздерден «Ана мен баладан» қорытынды керек деді. Қорытынды болса, біз ақша қарастырамыз деді. Испаниядан келдім. «Ана мен бала» қорытындыны басында бермейміз деді. Кейін денсаулық сақтау министрлігіне арыз жаздым. Сосын берді. «Қазақстан халқына» қорына өткізсем, әрі қарай сіздер өз бетімен кеткенсіздер деп, ақша бермей жатыр”, – дейді Ғалымжан Аманқұлов.

Баласы үшін Ғалымжан Аманқұловтың бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Бүкіл жауапты мекемелерге жазған хаттары бума-бума болып сақтаулы. Атқамінерлерден көмек болмаған соң, бүгін ол құжаттарын жинап Президент әкімшілігіне тапсырмақшы болды. Бірақ эпиджағдайға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн жүргізіледі екен. Жалпы 2019 жылдан бері баласын аурудан айықтырудың жолын іздеген әке Қазақстанда ауыр науқастың емі жоқ екенін ұғады.

Өйткені нейробластомаға шалдыққан ұлының еліміздегі ауруханаларда жағдайы мүлдем нашарлаған. Сөйтіп бұл аурумен ауырған қазақстандық бүлдіршіндерді іздеп тауып, солардың жолымен жүріп көрмек болады. Испанияның Барселона қаласындағы дәрігерлердің көмектесеміз дегеніне көніп, бүкіл мүлкін сатып, ұлының емін шетелдіктердің айтуымен Қазақстанда жасайды. Алайда одан да оңалмаған.

Қазір бес жастағы Нұрислам барселоналық дәрігерлердің қарауында. Жағдайы әжептәуір жақсарып қалған. Тамақ ішіп, жүріп жүр. Белшесінен қарызға батқан Ғалымжан енді «Қазақстан халқына» қоры 310 мың еуро беріп көмектессе дейді. Қордағылар шырылдаған әкенің жағдайын беске біледі.

Айтуларынша, бұған Қор емес, мемлекет көмектесуі қажет.

“Шетелдік ем балаларға 18 жасқа дейін бюджетте қарастырылған. Бірақ оның өзінің өтетін министрліктің бекіткен ережесі бойынша процедуралары бар. Осындай процедура бар кезде, мемлекеттік бюджетте қарастырылған соң, біз ондай мәселеге кіріспейміз”, – дейді «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.