A place where you need to follow for what happening in world cup

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның туысына үкім шықты

143

Айтпаеваның туысы Мұрат Мейірбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz

Былтыр 5 мамыр күні Грузияда 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі табылған еді. Өлім алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода ер адамның оны зорлықпен қорқытып жатқаны жазылған.

Грузия прокуратурасы бойжеткеннің зорланғанын мәлімдеді. Күдікті – 56 жастағы Бесик Тордуа келесі күні ұсталды. Ол зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда Тордуа кейін түрме ауруханасында қайтыс болды.

Грузияның бас прокуратурасы тағы бір күдіктіге – Әселдің туысы Мұрат Мейірбековке де айып таққан. Оны Нұр-Сұлтан полициясы биыл 16 мамырда ұстаған еді. Мейірбеков қызды жұмысқа тұрғызу сылтауымен оны Грузияда эксплуатациялау айыбына іліккен. Қылмыстық іс «зорлау» бабы бойынша жүргізілгендіктен кейін сот отырысы баспасөз үшін жабық өтетіні хабарланды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.