A place where you need to follow for what happening in world cup

Димаш Құдайберген 5 жылда бірінші рет қазақша ән жазғанын хабарлады

55

Димаш Құдайберген қазақстандық тыңдармандарына сый жасады. Ол қазақ тілінде ән жазғанын хабарлады. Айтуынша, бұл 5 жылда ана тілінде жазып тұрған алғашқы туындысы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құдайберген желідегі парақшасында әннің үзіндісін жариялады.

«Бұл соңғы 5 жылда қазақ тілінде жазған бірінші эстрадалық әнім. Музыкасын талантты Еділжан Ғаббасовпен бірігіп жаздым. Тұсаукесер бірнеше күннен кейін болады. Менің Instagram және YouTube-тағы ресми арналарыма тіркеліңіздер», — деп бөлісті ол.

Тыңдармандар Димаштың жаңа әнін асыға күтетіндерін айтты.

«Кез келген тілде айта бер, біз күтеміз. Туған тіліңде шырқайтын әнің біз үшін әрқашан қымбат болмақ», «Енді жүректің қағысын тоқтата алмаймыз. Ұйқы, сау бол», «Асыға күтеміз», «Бұл деген керемет қой. Бейнебаянды да тағатсыздана күтеміз», — деп жазды олар.

Айта кетейік, қыркүйек айында Алматыда концерт береді. Бұл әншінің оңтүстік астанада қоятын алғашқы ән кеші болмақ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.