A place where you need to follow for what happening in world cup

«Қолым қасық көтере алмай, аяғым қозғауға келмейтін»: Тамар Асар арбада отырған күндерін еске алды

108

Тамара Асар мүгедектер арбасына таңылған кезін еске алды. Айтуынша, 20-дан асқан шағында аяқ-қолы қозғалыссыз қалған. Ол аяққа тұруына не себеп болғанын әңгімеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мені Анам Жаңақорғанға алғаш алып келгенде 20-дан асқан балғын қыз едім. Денсаулығымның жағдайы мәз емес болатын. Өзім арбада отыратынмын, апаттан кейінгі қиындау жағдай былай тұрсын, «ревмотоидный артрит» деген ауру бойыма меңдеп кеткен. Қолым қасық көтере алмайтын, аяғым жер баспақ түгілі, қозғауға келмейтін.

Қиялдайтын санам, сайрайтын тілім, ыңылдайтын көмекейдегі дауысым, жәудіреген көзім ғана үміттің отын сөндірмеді. Түнде ыңырсу, күндіз кіржию. Ауру жаныма қатты бататын. Менің АНАМ мықты адам, мені мүгедектікке бермей күресті! Сұрады! Сенді! Күтті! Амал жасады! Мені сендірді! Маған ауруды жеңдірді! Біреуге өтірік, біреуге шын, арбадан бір аптада түсіп, балдақ ұстадым, келесі аптасында балдақты лақтырып, аяғымды басып жүре бастадым. Содан бері, ЖаңаҚорғанның қасиетті қара балшығы мен суына жыл сайын келемін (Емнен кейінгі күтіну бөлек әңгіме).


Ол күндер көрген түстейҚаншама жыл өтіпті. Әкемнің төріне келгендей марқайып жылда келем, аяғымды жерге тигізбей күтіп алатын, қоржынымды қыздың дорбасындай толтырып жіберетін, менің екінші «төркінім» ЖАҢАҚОРҒАН сияқты! Қасиетті қара балшық талайды қатарға әлі қосады, мен оған сенемін! Себебі мені Аллам, Тұзды суы араласқан «ҚараБалшықтан» қайта жасап шығарды!

Менің денсаулықтан көрген қиындығымды ешкімге тілемеймін. Ал жанына ауру батып, қиындық көріп, қиналып отырғандарға, мендегі Алла берген талпыныс пен табандылық, ыждағһаттықты тілеймін, әумин. «Бөрі арығын білдірме, сыртқа қарнын қампайтар», — деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.