A place where you need to follow for what happening in world cup

Жануарлардың ДНҚ сәйкестендіру арқылы халал өнімдерді анықтау

96

Белгілі бір дағдыларға ие бола отырып, яғни осы өнімдердің ерекшеліктерін өте жақсы білу арқылы жасанды ет өнімдерін анықтауға болады. Көп жағдайда мұндай зерттеулер, мысалы, майдың еритін деңгейін немесе гликоген құрамын бағалайтын арнайы жабдықтарда жүргізіледі. Тартылған ет, туралған ет, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің жасандылығын анықтау әлдеқайда қиын. Бұл − шикізат өңделгеннен кейін оның түрі де, қасиеттері де өзгеріп кетуімен байланысты болып келеді. Тіпті, аз мөлшерде қосылған қоспалардың өзі кошерлі немесе халал деп жарияланған өнімдердің сәйкестігін бағалау кезінде өте маңызды. Шошқа етін қосу өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін де, кездейсоқ та болуы әбден мүмкін. Бұндай жағдайлар кошерлі немесе халал өнімдердің басқа өнімдерді өңдейтін жабдықтарда бірге өңделген кезде, сондай-ақ тиісті тексерулер болмаған жағдайда немесе сезімталдығы жеткіліксіз талдау әдістері қолданылған жағдайда орын алуы мүмкін.
Қазіргі заманғы әдістер тамақ өнімдерінің құрамындағы және жануарларға арналған жемдердің құрамындағы, шикі, жылумен өңделген ет өнімдерінің түрлерін сәйкестендіре алады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының ПТР зертханасында қолданылатын әдістің сезімталдығы өте жоғары, өндірісте кез-келген ингредиенттің ДНҚ-ның болуын анықтау үшін екі молекула жеткілікті. Бұл әдіс жылумен өңдеуден өткен көп компонентті қоспаларды зерттеуге мүмкіндік береді.
Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы 2015 жылдан бастап ПТР зертхана базасында жануарлардың ДНҚ сәйкестендіру (халал өнімді анықтау) бойынша талдаулар жасайды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.