A place where you need to follow for what happening in world cup

Білікті маман, өз ісінің шебері

204

Бүгінгі таңда елімізде Мемлекет басшысының тиімді сот жүйесін құру, кадр саясатын жетілдіру бағытындағы жыл сайынғы Жолдауында берілген басым тапсырмалар негізінде тиімді реформалар жүзеге асырылып келеді. Әлбетте, бұл бағыттағы іс-шараларды толыққанды орындау әрбір судья мен заңгер мамандарының жеке жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігіне байланысты.

Біз сөз еткелі отырған Тахмина Сұлтанова осы үдеден шығып жүрген сондай кәсіби мамандардың бірі. 1974 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданында туылған Тахмина Сәбитқызы 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша заңгер біліктілігін алған. Мамандығы бойынша еңбек жолын 1996 жылдың ақпан айында Алматы қалалық сотының курьері болып бастаған. Ал 1998 жылдың сәуір айынан бастап Тараз қаласының «БНС» адвокаттық кеңесінде адвокат көмекшісі қызметін атқарады. 2000-2004 жылдары аралығында Тараз қалалық кейінірек облыстық прокуратурада жемісті жұмыс істейді.

Осылайша, сол ел кездегі ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Оңтүстік-Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы №3 аудандық сотының судьясы болып тағайындалады. Бұл 2004 жылдың 13 желтоқсаны еді. Ал 2010 жылы Тараз қалалық сотының судьясы, 2012 жылы Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы болады. Тахмина Сәбитқызы жұмыс барысында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді заңға сүйеніп уақытылы қарап, олардың қаралу мерзімінің бұзылуына жол бермейтін білікті маман.

Қазіргі таңда өз ісінің шебері атанған кейіпкеріміз 2016-2018 жылдары аралығында ҚР Судьялар Одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы болса, 2018-2020 жылдары мүшесі ретінде қызмет атқарған. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын Тахмина Сұлтанова ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы міндетін атқарушы. Үш бала тәрбиелеуде.

Жасұлан ШЫРШЫҚБАЕВ,

Жамбыл облысы кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маманы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.