A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

186

Шахмат − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі. Бұл ойын адамның ойлау қабілетін, тактикасын және зияткерлік қабілетін дамытатынын бірі білсе, бірі білмес. Шахмат адамның ойлау қабілетіне қолайлы спорттық ойынның әлемге кең тараған түрі.

Жоспарға сай, сотталғандардың ой өрісін арттыру мақсатында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Ақыл-ой аламанына қатысқан сотталғандар ойын тақтасы басында ойлау қабілеттері мен стратегиялық біліктерін сынға салды. Қызу да тартысты өткен жарыс барысында олар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінен кем түспейтіндерін анық аңғартты. Десе де, «ойын тақтасындағы соғыс» барысында шын мықтылар іріктеліп шықты.

Жарыс қорытындысы бойынша сотталған А. қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ЖД-158/2 мекемесі басшылығының атынан алғысқа ұсынылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.