A place where you need to follow for what happening in world cup

Штаб мүшелері марапатталды

120

Референдумның сәтті өтуіне белсенді атсалысқан «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған штаб мүшелері марапатталды.
Ел үшін маңызды шарада белсенділік танытқан штаб мүшелеріне партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, ҚР Парламенті Мәжілісінің және партия Төрағасы Ерлан Қошановтың, партияның Атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың Алғыс хаттарын табыс етті. Салтанатты жиында атқарушы хатшы референдум елімізде демократиялық сана мен саяси мәдениеттің күшейгенін дәлелдегенін тілге тиек етіп, елдік шарада штаб мүшелерінің елеулі еңбек еткенін баса айтты. Сондай-ақ ол референдумда жаңа Қазақстанның кескіні, құрылымы, бағыт-бағдары анықталып жатқанын сөз етіп, алда әлі де көп жұмыс, үлкен міндеттер тұрғанын жеткізді. Сонымен қатар Дауыл Ынтықбайұлы Жаңа, Әділетті Қазақстанды бірге құру – барлығымызға ортақ міндет екенін жеткізді.
«AMANAT» партиясы Президенттің қоғамдық тірегі ретінде үгіт-насихат жұмысына бірінші күннен бастап белсенді түрде кірісіп кетті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында біз санға емес, сапасына мән берілді.
Референдум өткізуді қолдау мақсатында партия жанынан штабтар құрылып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізгені белгілі. Бұл партияға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім болатын. Партия облыстық филиалы жанынан 315 адамнан тұратын Өңірлік штабтардың жұмысы желілік кестелерге сәйкес ұйымдастырылды.
Барлығы 620 іс-шара өтіп, 33 мыңға жуық адам офлайн, 500 мыңнан астам адам онлайн форматта қамтылды. Парламент Мәжілісінің депутаттары (М.Төлепберген, Г.Нұрымова, Н.Раззак) халықпен 4 мыңнан астам адамды қамтыған 92 кездесулер мен жиындар өткізді.
Штаб мүшелерінің халықпен кездесулер барысында, мобильді қабылдаулар кезінде лифлеттер таратылып, тұрғындардан түскен 953 нақты ұсыныстар қоғамдық қабылдау бөлмесінің базасына енгізілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.