A place where you need to follow for what happening in world cup

Пенитенциарлық пробация есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орнынан босатылған сотталғанға әлеуметтік оңалту іс-шаралары өткізілді

129

Пенитенциарлық пробация есебінде тұрған бас бостандығынан айыру орнынан босатылған сотталғанға әлеуметтік оңалту іс-шаралары өткізілді.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/7 мекемесі бастығының м.а . әділет полковнигі Олег Геннадьевич Родякиннің басшылығымен осы мекеменің босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны Жұлдыз Аятовна Сулейманованың ұйымдастырумен «Қақпа алдында кездесу» атты әлеуметтік жоба іс-шарасы жүзеге асырылды. Бұл жоба мекемеден жаза мерзімінің аяқталуымен әкімшілік қадағалау орнатылған, пенитенциарлық пробация есебінде жұмыс қажет ететіндер есебінде тұрған босатылған сотталған Г.А.Ю.-ке қолданылды. Жобаға «Тараз қалалық әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының» мамандары Берікбаев Нұрзат Бейсенбекұлы және Турекельдиева Эльмира Тилепалдиевна мен Тараз қалалық полиция басқармасының N1-ПБ жергілікті полиция қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Рамиль Ринатұлы Насибуллин қатысты. Босатылған сотталғанға «әкімшілік қадағалау» орнатылып, жұмысқа орналастырылды. Кездесу соңында мекеме бастығының м.а әділет полковнигі О.Г.Родякин қайталап құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырып, кездесуге келген туысына туыстық байланыстарын нығайтуға сәттілік тіледі.
Босатылған сотталғанға жұмысқа орналасуына және әлеуметтік жағдайын оңалтуға көмек беру мақсаты Жергілікті атқарушы орган қызметтерімен іске асырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.