Спорт адам өмiрiнде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты болады. Біздің ата-бабаларымыз «тәнi саудын-жаны сау» деп бекер айтпаған. Бүгiнгi таңда еліміздің үлкендері мен жас балаларға дейiн спортқа ерекше көңіл бөлуде. Спорттың қай түрімен айналысуы адамның өз еркімен қалауына байланысты.Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекеме қызметкерлері арасында апта сайын футбол ойындары ұйымдастырылып тұрады. Мекеме қызметкерлерінің басты ұстанымы салауатты өмiр салтын, денсаулықтарын жақсарту мақсатында, қызметкерлер арасында жасақталған командалар құрып жолдастық кездесулер өткізеді.