A place where you need to follow for what happening in world cup

Жақсылық жасау борышымыз

274

Тергеудегі Б. есімді азаматша тұңғышын киелi шаһар Тараз қаласында дүниеге әкелдi. Алматыдан Шымкент қаласына бағытталған айдауылдық поезд iшiнде толғағы басталып, Тараз қаласының перзентханасында мерзiмiнен бұрын босануға тура келген. Айдауылмен бара жатқан жолда жанындағы конвойлар азаматшаның қиналып отырғанын байқаған. Бiрден, 103-ке қоңырау шалып, Қалалық көпбейінді перзантханаға жеткізілген. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесi департаментiне қарасты ЖД- 158/1 мекемесіне хабар берiлiп, мекеменiң қызметкерлерi аман есен босанып алуына үлкен үлес қосқан. Сонымен катар, «Қасиетті Рамазан» айында Iшкi iстер министiрлiгi қылмыстық атқару жүйесi департаментіне қарасты мекеме қызметкерлерi игi iс жасап ана мен балаға қажеттi жабдықтарымен қамтамасыз еттi. Нәрестенiң бүгiнде деңсаулығы бiрқалыпты.

36 апталық сәбидiң салмағы 2,5 келі, бойы 48,0 см болуына байланысты перзентханадан мекемеге шығарылды, Б. есімді азаматша бүгiнде келесi айдауыл уақытын күтуде. Қазiргi таңда ЖД — 158/1 мекемесiнiң медицина қызметкерлерiнiң бақылауында.

ЖД-158/1 мекемесiнiң медицина бөлiмi

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.