A place where you need to follow for what happening in world cup

Жуалыда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізіледі

1 357

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Марат Нарымбеков Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдау мақсатындағы партияның аудандық штабының алғашқы отырысын ZOOM платформасы арқылы өткізді.

Жиын барысында Марат Аманғалиұлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен іс-шараларды ұйымдастыру үшін партия аудандық филиалы жанынан аудандық штаб құрылғанын, олардың құрамына «AMANAT» партиясы аудандық филиалы активтері енгізілгенін, яғни аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет пен спорт, денсаулық саласы, жастар қанаты атсалысатынын жеткізді.

Сонымен қатар, штаб мүшелері аудан тұрғындарына және шалғай елдімекендерде сайлаушылармен кездесулер өткізіп, референдумның маңыздылығын нақты жеткізіп, бұл тарихи күнге белсенді түрде атсалысуға шақырды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.