Кеңес дәуірінде бірнеше рет Батыр атағына ұсынылған қазақстандықтар Президенттің жарлығымен қайтыс болғаннан кейін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды — "Munaranews"
A place where you need to follow for what happening in world cup

Кеңес дәуірінде бірнеше рет Батыр атағына ұсынылған қазақстандықтар Президенттің жарлығымен қайтыс болғаннан кейін жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 06 мамыр
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Әбдібеков Төлеуғали

Насырханұлы

(марқұм)

 –  

8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені

 

Несмиянов Александр

Александрович

(марқұм)

 

126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі

 

Сүлейменов Ыбырайым

(марқұм)

 –   100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 5 мамыр

№ 889

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.