A place where you need to follow for what happening in world cup

Қайырымдылық адамгершілік белгісі

1 284

Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға, деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.Қазіргі таңда елімізде түрлі іс-шаралар мен акциялар,  қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар көбейіп келеді. Қайырымдылық жасауға мемлекет тарапынан да көп көңіл бөлініп отыр. Жақсылық жасайтын жандар әрқашан және әркезде табылады.

Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер – соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.
Осы орайда   ҚАЖД.ЖД -158/1  мекемесінің қызметкерлері жақсылық жасаудан еш аянбаған. Қазіргі кезде әрбір адам жылы сөзге, мейірімге мұқтаж, өзгелердің көмегіне зәру. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Өзінің жанашырлығымен және таза ниетімен ерекшеленеді. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады.  Жомарт адам жақсы істерді көпшіліктің алғысын алу үшін жасамайды, ол мұқтаждарды кішкене болса да бақытты еткісі келеді. Қолында тұрған зат өзіне қажет болғанымен, оны артық сөз айтпай басқаға бере салады. Біз осындай керемет жандардан үлгі алуға тиіспіз. Қазіргі заманның жастары, «мейірімділік» деген сөзді сирек естиді және мағынасын толық түсінбейді. Менің ойымша, мейірімділік дегеніміз – қиын жағдайға тап болған адамға шын жүректен қолдау көрсетіп, басқа адамның бақыты үшін өз уақытыңды, ақшанды немесе денсаулығыңды құрбан ету.

ҚАЖД.ЖД -158/1  мекмесінің қызметкерлерің басты мақсаты — мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға көмектесу. Осы мақсатта басында баспанасы жоқ , бір бөлмелі жалдамалы үйде жеті баланы тәрбиелеп отырған ,  жалғыз басты анаға  көмек қолын созып , азық –түлік пен қаржылай көмек көрсетілді.

Мейірім мен қайырымдылық –  қоғамды ізгілікке бастайтын игі қасиет. Мұқтажға жәрдемдесіп, көмекке зәру жанға жақсылық жасау да өркениетті адамның өнегелі тірлігі болып саналады.
Оған қоса, әлемдік індет пен әлеуметтік мәселе мезі қылған заманда жақыныңа ғана емес, жатқа да жылу сыйлау – ерліктің белгісі. Сондықтан, қолдан келгенше көмек көрсетіп, жарқын сәттің куәсі болу әр адамға ортақ міндет екені сөзсіз.
Қайырымдылық – ізгі қасиет. Жаны жақсылыққа құштар жомарт жандар арамызда жеткілікті. Сый-несібе өзгемен бөліссең, өміріңе қуат, көңіліңе шуақ береді деп осындайда айтылса керек-ті. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды деп ойлаймыз.

ҚАЖД.ЖД -158/1 мекемесінің
тергеу изолятор бастығының кезекші көмекшісі
әділет аға лейтенанты    Усеров Нұрзат Асылбекұлы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.