A place where you need to follow for what happening in world cup

Рамазан айында мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

422

Рамазан – тек күні бойы тамақтан тыйылу емес, көмекке мұқтаж мұсылмандарға қол ұшын созу айы. Жомарт жандар айлардың сұлтанында мұқтаж жандарды назардан тыс қалдырмай, әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсетіп отырады.

Аталған игі істен Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері тыс қалмады. Олар Тараз қаласында тұратын осал топтағы отбасыларға жәрдем берді.

– Аз қамтылған және көпбалалы 2 отбасына азық-түлік апарып бердік. Олардың өтініш-тілектерін тыңдап, оны шешу жолдарын қарастырамыз. Көмекке мұқтаж отбасылар үнемі қамқорлықта болады, – дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Бұдан бөлек, аталған отбасыларға мекеме қызметкерлері қаржылай да көмек ұсынды.

«Сауабы мол іс жасау қашанда маңызды. Мұндай игі бастамалар көбейе береді деп үміттенеміз. Қайырымдылық шаралары кез келген адамның жүрегіне жылу сыйлайды», — дейді мекеме қызметкерлері.

Өз кезегінде себет алушылар қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға және қатысқан мекеме қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.