A place where you need to follow for what happening in world cup

Билікөл ауылдық округінде “Аmanat” партиясы Жуалы аудандық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы өтті

611

Кезектен тыс ХХІІ съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жұмысын қайта құруды тапсырып, азаматтарды көшпелі қабылдаулар өткізу, шалғай ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, мәселелеріне назар аудару керектігін атап өтті.

Осыған орай, “AMANAT” партиясы Жуалы аудандық филиалының алғашқы мобильді қоғамдық қабылдауы аудан орталығынан шалғай орналасқан Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылында өтті. Партияның мәслихаттағы фракциясының депутаттары Әбдіқадыр, Жылыбұлақ елдімекендерінде болды.
Билікөл ауылдық округінде өткен іс-шараға Партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық Мәслихат хатшысы, жергілікті атқарушы органдар өкілдері, аудандық маслихат депутаттары, ауылдық округ әкімі қатысты.


Арнайы құрылған мобильді қоғамдық қабылдау тобы 21 ауыл азаматтарының өтінішін тыңдап, бірқатарына қабылдау кезінде нақты жауаптарын берсе, қалған түйіткілді мәселелердің тізбесін жасап, Партияның бақылауына алды.
Жеке өтініштерімен келген аталған елдімекен тұрғындары электр қуатын күшейту, қайтарымсыз грант алу, автомобиль жолдарының жай-күйі, көше жарығы, егінді жер мәселесі, балаларды тасымалына қажетті жаңа автобус алу, жер кезегі сынды өтініштерін білдірді.
Мобильді қоғамдық қабылдау жұмысы алдағы уақытта ауданның басқа да шалғай орналасқан елдімекендерінде жалғасын табады.
Аталған мәселелер Партияның мәселелер реестріне енгізіліп, бақылауға алынды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.