A place where you need to follow for what happening in world cup

Отбасы институтын нығайту – басты бағыт

390

Қазақстан халқы Ассамблеясында Ішкі істер министрінің орынбасары жанындағы дөңгелек үстелдің шешімін және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өткен жылдың желтоқсан айында жасалған прокуратура, қоғамдық бірлестіктер, әкімдіктің басқармалары және облыстық орыс драма театрымен өзара іс-қимылы туралы меморандумды іске асыру шеңберінде суицидтің, дене жарақатының, девианттық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында «Отбасы, отбасы құндылықтары, отбасы институты» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.

Оған департаментке қарасты мекеме қызметкерлері, медициналық колледж студенттері, Ассамблея жастары мен қала тұрғындары қатысты. Іс-шара Қазақстандағы Ғашықтар күнін тойлаумен тұспа-тұс келіп, орыс және қазақ тілдерінде өтті.
Іс-шараны құттықтау сөзімен департамент басшысының орынбасары Бекболат Ескеев ашты. Оны департамент психологы Анна Дмитриенко мен Нұр-Мүбарак Египет ислам университетін және Омбы гуманитарлық академиясын тәмамдаған психолог-теолог, магистрант Назерке Жаналиева жалғастырды. Шара барысында отбасының көптеген аспектілері, отбасының маңыздылығы мен ер мен әйелдің рөлі, мінез-құлық, тәрбие, отбасы ішіндегі, қоғаммен қарым-қатынас туралы айтылды.
Шара соңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Жамбыл облысы бойынша филиалының басшысы Парида Мамедова баршаны ғашықтар мерекесімен құттықтап, сонымен қатар өткізіліп жатқан шараның маңыздылығын және алдағы уақытта да осындай шараларды өткізу қажеттігін атап өтті. Барлық қатысушылар көптеген қызықты ақпараттар мен жағымды эмоциялар алды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.