Қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздік танытқан тағы екі лауазымды полицей ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«5 қаңтарда Алматы қаласында, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында 2 полиция департаменті мен 3 ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғаны белгілі. Олардың барлығы күдікті деп танылды. Осы фактілер негізінде қызмет бабындағы әрекетсіздік бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды», – деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингте.
Сонымен қатар 1 және 2 сәуір күндері Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары пен Алматы әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Басқа тұлғаларға қатысты қазір дәлелдемелерді жинау және талдау жүргізілуде», – деп атап көрсетті Қилымжанов.