A place where you need to follow for what happening in world cup

Әзіл мен мағына

426

«Тамақтың дәмін тұз келтірсе, сөздің сәнін әзіл келтірер» деп дана халқымыз айтқандай, бүгін, 2022 жылдың наурыз айының 30 жұлдызында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің сотталғандар арасында «1-сәуір — күлкі күніне» орай «Әзіл-қалжың және байыпты» атты карикатуралар байқауы өткізілді.

Айта кетсем, карикатура дегеніміз – өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, жеке адамдардың бойындағы кемшіліктерді әшкерелеу мақсатында әзіл-оспақ, сын-сықақ, әжуа-мазақ ретінде суреттеу, көркем бейнелеу тәсілі, яғни бейнелеу өнерінің жанры.

Байқауға мекеменің шаруашылық қызмет жасағына қалдырылған 7 сотталған қатысты. Байқаудың басты мақсаты: сотталғандар арасында шығармашылық әлеуетті анықтау және қолдау, шығармашылыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру және сотталғандар арасында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жандандыру, мәдени-этникалық құндылықтарды тәрбиелеу болатын.
Сотталғандар, барынша өз өнерлерін, шығармашылықтарын паш етіп, үлкен жауапкершілік көрсете отырып, көркем суреттерін комиссия мүшелеріне таныстырды. Әр сотталған салынған суреттердің мән мағынасы мен әзіл-қалжыңын толық түсіндіріп өтті. Комиссия мүшелері, яғни бөлім және бөлімше бастықтары, тәрбие бөлімі инспекторы, жедел бөлім және РжКБ қызметкерлері, медицина бөлімі қызметкерлері және мекеме психологтары аталған сотталғандардың еңбектерін бағалап, әділ шешім шығарды.
Нәтижесінде, 1-орынды сотталған Б.Иманбаев, 2-орынды сотталған А.Аубакиров, ал 3-орынды сотталған М.Мақажан иеленді. Байқау жеңімпаздары, яғни сотталғандарды көтермелеу туралы, марапаттау жөнінде мекеме басшылығына ұсыным берілді.
Байқау соңында, комиссия мүшелері әр сотталғанның салынған суретіне өз пікірлерін білдіріп, өз тараптарынан ұсынымдар айтты, яғни кері байланыс — шеринг жүргізілді.

ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінің психологы
Ж.Е.Жолдыбай

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.