A place where you need to follow for what happening in world cup

«Мухкам және муташаббиһ аяттар» тақырыбында топтық кездесу өтті

235

Таразда түзету мекемесіндегі сотталғандар кестеге сәйкес дін өкілімен кездесті.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 түзету мекемесіндегі бас бостандығынан айырылған азаматтар дін өкілімен кездесті. Басқосу барысында Тараз қалалық «Фирдаус» мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев сотталғандармен «Мухкам және муташаббиһ аяттар» тақырыбында топтық кездесу ұйымдастырылды.

– Алланың сөзі – Құран Кәрімдегі аяттар екі түрлі. Бірі – мухкәм, екіншісі – мутәшәбиһ. Мұны Құранның өзі осылай баяндайды. «Әли Имран» сүресінің 7-аятында Алла Тағала «Ол саған Құранды түсірді. Ондағы аяттардың бір бөлігі мухкәм аяттар, міне, солар Кітаптың анасы (негізі). Ал енді, бір бөлігі – мутәшәбиһ аяттар», – деген. Ендеше, бұл сөздердің мағынасына тоқталайық. Қысқаша айтсақ, ғалымдарымыз бұл аяттарға мынадай мағына берген:

Мухкәм дегеніміз – мағынасы анық, ашық, ешқандай астарлы мағынаны білдірмейтін, түсінілуі үшін сырттан келетін бір дәлелге мұқтаждығы жоқ аяттар.

Ал, мутәшәбиһ дегеніміз – бірнеше мағынаға ықтималы болғандықтан, нақты мағынасын білу қиынға соғатын, ғұрыптық немесе тілдік ерекшеліктерге байланысты негізгі мағынасына емес, басқа астарлы  мағынасына жорамалдауды қажет ететін аяттар, – деді бас имам өз сөзінде.

Басқосу барысында Алмас Кенжемолдаев кездесу тақырыбына сай кеңінен тоқталып, сотталған азаматтардың сұрақтарына тұщымды жауаптарын берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.