A place where you need to follow for what happening in world cup

Ресей тағы бір мемлекетке шабуыл жасауы мүмкін

381

Украинаның СІМ Ресей шабуыл жасайтын келесі мемлекетті айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы НВ сайтына сілтеме жасап.
Украинада бейбітшілік орнамайынша Венгрияның қауіпсіздігіне кепілдік жоқ. Бұл туралы ведомство спикері Олег Николенко мәлімдеді.
«Ресей сылтау іздеп отыр. Венгрия бәледен қашу үшін Украина аспанын жабуды, бейбітшілікті қолдауға арналған операцияларды өрістетуді қолдамауы керек. Сонымен қатар Украина армиясына Венгрия аумағы арқылы әскери көмек жеткізуге рұқсат бермеуі керек», – деді ол.
Николенконың айтуынша, Украина қазір «НАТО-ның шығысын қорғап жатыр». Егер Ресей бұл соғыста жеңіске жетсе, келесі мақсаты Украинаның көршілерін жаулау болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.