A place where you need to follow for what happening in world cup

Бізге ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім — ең басты қағида

171

Қордай ауданындағы орын алған жастардың арасындағы келеңсіз жайтқа ел болып, Президент болып бей-жай қарап отырған жоқ. Қазақ елі оу бастан бірлікті, ауыз біршілікті, ынтымақты, сабырлылықты ту еткен мәмілегер халық. Шыдамсыздық, күйгелектік ешкімге абырой әпермейді. Сабырлық керек. Бұл оқиғадан саяси астар іздеп, көлеңкелі тұстарды іздеудің еш қажеті жоқ. Бірақ, кешелі бері бұл жағдайды біреулердің, бір топтардың өз мүддесіне жаратып жатанын әлеуметік желіден біліп отырмыз. Кім-кімде өз әрекетіне жауап береді.

Бізге ұлтаралық татулық, қоғамдық келісім — ең басты қағида. Бейбіт күндегі еңселі еңбегімізді еңселету, ұрпағымызға саналы тәрбие беру, еңбек адамдарының өнегесін кеңінен насихаттау біздің асыл мұратымыз. Ши астынан қыл іздеу – жат қылық. Сондықтан, құқық қорғау органдары мұқият тексеріп, кімнің кінәлі екенін анықтар, бірақ бұл келеңсіз жағдай бізге үлкен сабақ болды.

Қазақстан халқының тату-тәтті өмірі, бірлігі, ынтымағы өзге елдерге де үлгі. Әрине, ел болғаннан кейін әртүрлі жағдай болады. Абай да уақытында «Ел бүлікшіл, менікі ертең үшін» — деген жоқ па. Сондықтан ел ішіндегі бүлікті тым әсірелеудің қажеті де жоқ. Халқымыз қаншама ғасыр бойы қиыншылықты басынан кешірді. Бірақ әр уақытта даналығы асыл болды, ауызбіршілігі бекем еді. Біз сол бекемдіктен таймаймыз. “Халқымызда береке бірлік болса, елімізді дау да, жау да алмайды” — деген жоқ па Төле би бабамыз.

Еліміздің, халқымыздың бірлігі, ынтымағы бекем болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.