A place where you need to follow for what happening in world cup

Уәде орындалмаса, мандатымен қоштасады

509

Бүгінде Парламент депутаттары туралы жұрттың пікірі екіге жарылып тұрғаны жасырын емес. Сол себепті де Парламент пәрменін күшейту мәселесі  өте өзекті деп ойлаймын. Қалай айтсақ та, қос палаталы заң шығарушы органның қос тараптың алдындағы ықпалы болуы тиіс.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында депутаттарды сайлау жүйесінде де өзгерістер болатынын жеткізді. Осыдан кейін депутаттар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, серпінді жұмыс жүргізері анық.

Мемлекет басшысы алдымен, партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетілетінін атап өтті. Енді саяси ұйымдарды тіркеу шегі төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендейді. Ал өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаймақшы. Осылайша 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге қысқаратын болады.

Президент сайлауалды науқанында халыққа уәде беріп, сөзінде тұрмайтын депутаттарды сынға алды. Ендігі кезекте мұндай «шығарыпсалма» сөз бен құрғақ уәдеге жол жоқ екенін ескертті.

– Сайлауалды науқанында уәде беріп, тиісті жұмысын атқармай, берген уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады, — деді Президент.

Мұхамеджан Сексенбай,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының доценті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.