Бүгінгі жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынды.
«Президенттің облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері қызметіне кемінде екі кандидат енгізу құқығын регламенттейтін заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет. Осылайша, президент мәслихаттардағы қарау нәтижелерін ескере отырып, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындайтын болады» деп топшылады Тоқаев.
Бұған дейін әкімдерді президент өзі тағайындайтын.