A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

629

 

2022 жылдың 11 наурыз күні «Antikor» сервистік орталығында №4 Үлгілік базалық бағытын жүзеге асыру бойынша мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен жиын өтті.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы Р.Медетов, департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов, «Жамбыл — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жубандикова, облыс әкімдігіне қарасты басқарма басшылары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Департаменттің Превенция басқармасы басышысының орынбасары Е.Бақтыхожаев өз кезегінде №4 Үлгілік базалық бағыты шеңберінде баяндама жасады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда және оған қарсы іс-қимылды жобалық басқару арқылы жүзеге асыру – бұл, ең алдымен, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырады, нақты нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ формализмнен алшақтауға мүмкіндік беретін реформалардың маңызды кезеңі болып табылады.

Жобалық басқаруды іске қосу жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларымен реттеледі, яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы №358 қаулысымен бекітілген, оған сәйкес салалық қызмет бөлігіндегі жобаларды қоспағанда, барлық мемлекеттік органдар орындау үшін Үлгілік базалық бағыттардың алты блогы айқындалды.
Оның ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігіне «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты төртінші блогы бекітілді.
№4 Үлгілік базалық бағыты шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор жұмысын ұйымдастырудың сапасын арттыруға мүмкіндіктер ашылуда. Бұған бірқатар іс-шараларды қамтитын нақты көрсеткіштері бар Агенттіктің осы күнге дейін кейбір мемлекеттік органдарда формальды түрде жүргізіліп келе жатқан жобаларды жою арқылы қол жеткізуге болады.

Қазіргі таңда, жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты 4 топқа бөлінген:
1-ші топ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау»;
2-ші топ «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою»;
3-ші топ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру»;
4-ші топ «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу».

Жобалар тобының құрамына логин, пароль беріліп, «Easy Project» бірыңғай кросс-платформасына кіруіне мүмкіндік жасалып, облыс әкімі аппараты жобаны іске асыруға толық дайын екендігі туралы айтылды. Облыс әкімдігінің басқармалары тарапынан Жобалық басқарудың үлгілік базалық бағыты шеңберінде жауапты қызметкерлер бекітілген.
Ағымдағы жылғы жарты жылдық қорытындысы бойынша №4 Үлгілік базалық бағыты Облыс әкімінің рейтингіне енгізілуне байланысты, осы бағыттағы іс-шараларға басты назар аудару қажеттігі туралы айтылды.

Жиын барысында аталған бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізбеген басқармаларға сын айтылды. Облыс әкімі аппаратының басшысы Р.Медетов бұл бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.