A place where you need to follow for what happening in world cup

Қазақстан мен АҚШ санкция салдарын жеңілдету бойынша келіссөздер жүргізді

141

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларының Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайту үшін санкциялар мәселелері бойынша қазақстандық-америкалық онлайн консультациялары өтті. Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстанның атынан консультацияларға сауда-экономикалық, қаржы, көлік, қорғаныс, энергетика және аэроғарыш салаларына жауапты мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері (80-ге жуық қатысушы) қатысты.

Америкалық тарап АҚШ-тың Ресейге қарсы жақында енгізілген санкциялары туралы және сауда-экономикалық, банк-қаржы және энергетика салаларындағы жаңа санкциялар шектеулерінің ерекшеліктері туралы хабардар етті. Қазақстандық қатысушыларға санкциялар режимі жағдайында серіктестермен ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша түсініктемелер берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан экономикасы үшін АҚШ-тың санкциялық саясатының болжанбаған салдарларын болдырмау үшін консультацияларды жалғастыруға келісті.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.