Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның барлық тұрғындарына әскери жағдай кезінде қару қолдануға рұқсат беретін заңға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Украинаға қарсы қарулы агрессия жасаған тұлғаларға» қарсы қару қолданғаны үшін бейбіт тұрғындардың жауапқа тартылмайтыны нақтыланды.
— «Соғыс жағдайы кезінде Украина азаматтары өздерінің қаруларын, спорттық қаруларды (тапаншалар, револьверлер, винтовкалар, тегіс ұңғылы мылтықтар), аңшы мылтықтары, тегіс ұңғылы немесе құрама оқтарды, сондай-ақ оған арналған оқ-дәрілерді пайдалана алады», — делінген Жоғарғы Раданың сайтында.
Тиісті заң күшіне енді және соғыс уақытының барлық кезеңінде қолданылады.