10 наурызға қараған түні Сумы облысындағы «Жұлдызды» балалар лагерінің үстінен Ресей басқыншылары бес бірдей бомба тастаған. Бұл туралы Сумы облыстық әкімшілік төрағасы Дмитрий Живицкий мәлімдеді.
Бомбылардың бірі тұрғын үйге түскен: үйдің бір бөлігі қираған, қалған бөлігінен сау ештеңе қалмаған. Қаза болғандар, жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Дәл қазір аталған лагерде байланыс та, жылу да жоқ. Бомба лагердегі үйлердің терезелері мен есіктерін түгелімен қиратқан.