A place where you need to follow for what happening in world cup

«Amanat» партиясы Жамбыл облыстық филиалы активінің кеңесі өтті

280
Бүгін «Достық» үйінде «Amanat» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен партия активінің кеңесі өтті. Отырысқа Саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйым төрағалары мен жастар қатысты.
Жиында партия облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Д. Ынтықбаев Партияның кезектен тыс XXII съезінің шешімдерін орындаудағы аймақтық филиалдардың жұмысы, жалпы Партияны жаңғыртудың бағдарламасын орындау міндеттері туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, партактивте облыстық мәслихатының хатшысы, партия облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшесі М.Сарыбеков, «Қаратөбе» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихаттың депутаты М. Қырықбаева, «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы У.Болатбек өз ойларын ортаға салды.
Бүгінгі таңда, халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру — заман талабы екені сөзсіз. Партия филиалдары тарапынан аймақтық, аумақтық қоғамдық кеңестердің құрамдары толық саралануда. Актив отырысында Партия жұмысындағы жаңғыртулар мен қабылданған саяси шешімдерді халыққа кеңінен жеткізу маңыздылығы, депутаттық фракция жұмысын жетілдіру, халықпен кері байланыс, ашықтық, партиялық бақылауды күшейту, жастармен жұмыс мәселелері қозғалды.
Филиал төрағасы өз сөзінде Партияны жаңғыртудың 7 бағытына жеке тоқталды. Әсіресе, депутаттардың халықпен тығыз байланыс орнатып, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуді қамтамасыз етуді, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен бірге, жұмыссыз жастар мәселесін қолға алуды ерекше айтып өтті.
Партияның басты міндеті – халық пен билік арасындағы байланысты арттыру және халықтың өзекті мәселелерін шешуде қозғаушы күшке айналу.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.