A place where you need to follow for what happening in world cup

Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды

337

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің өкімімен Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б. Сапарбаевтың төрағалығымен құрылған Комиссия құрамына Жамбыл облысының әкімі А. Мырзахметов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж. Түймебаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Ш. Хахазов және «Дүнген қазақстандық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А. Воинце мен қаржы, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрлері, ақпарат және қоғамдық даму, ұлттық экономика, денсаулық сақтау, білім және ғылым вице-министрлері, ішкі істер, қорғаныс министрлерінің орынбасарлары, Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарлары кірді.

Комиссия алдында кикілжің себептерін анықтау, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық сипаттағы мәселелерді шұғыл шешуді қамтамасыз ету міндеттері қойылды.

Inform.kz

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.