A place where you need to follow for what happening in world cup

Бас прокуратура серіктесінің денесін мәйітханадан ұрлап кеткен қылмыскер жайлы айтты

1 149

Елімізде серіктесінің денесін мәйітханадан ұрлап кеткен қазақстандық қамауға алынған. Бұл туралы Бас прокуратура қылмыстық қудалау қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтып берді.

Айтуынша, кейбір желі қолданушылары істің мән-жайын білместен, қылмысқа қатысты өз деректерімен бөлісуде.

«Елімізге белгілі спортшылардың бірі Facebook-тегі парақшасында азамат М.-ге қатысты негізсіз шара қолданылғаны жөнінде ақпарат жариялаған», – деді Қилымжанов баспасөз конференциясында.

Прокуратура өкілінің айтуынша, ер адам Қызылордадағы полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасады деп күдікке ілінген. Шабуыл кезінде полицейлердің бірі басынан ауыр жараланған.

«Атыс уақытында шабуылдаушылардың бірі өлтірілді. Түнде М. мәйітханаға кіріп, серіктесінің денесін ұрлап әкетті. Ол марқұмның полицейлерге шабуыл жасағанын жасыруға тырысқан», – дейді Қилымжанов.

Ол мұндай қылмыс жасағандардың қамауға алу туралы жазасы өзгертілмейтінін кесіп айтты.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.