A place where you need to follow for what happening in world cup

Мәжіліс депутаттары тергеудегілермен кездесті

604

Призидент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғаларына қатысты деген күдікке ілінгендердің ісінде асыра сілтеушілік болмауы тиіс екенін баса айтты.

Осыған байланысты Парламент Мәжілісі депутаттары өңірлерге келіп, жақындары мен балаларының тағдырына араша сұраған ата-аналармен кездесіп, түзеу мекемелеріне келіп, тергеудегілердің жай-күйімен танысуда.
Жамбыл жеріне жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Гүлдара Нұрымова мен Назилия Раззақ, Мейрамбек Төлепберген, Ілияс Буларов және облыс әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Қасымхан Төлендиев Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіне келді. Ондағы мақсат – мән-жайды зерделеу үшін жағдайды көріп, азаматтармен тілдесу.
Түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіп ережелері заңға сәйкес құрылған. Мекеменің жалпы ұстау жағдайы мен тәртіп ережелеріне ескерту жоқ. Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, Әділет полковнигі Нияз Рыспаев халық қалаулыларына осыны мәлімдеп, ішкі жағдайды таныстырды. Азаматтарды қабылдау сәті жариялы, ашық түрде жүргізілуі үшін тиісті жағдай жасап, барлық кездесулерге қатысты.
Депутаттар Жамбыл облысының Прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша адамдар ұсталатын камераларды және мекеменің медициналық-санитариялық бөлімін аралап көрді. 2022 жылғы қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тергеудегілер мен сотталғандар ұсталатын камералардың санитарық жағдайы және тағам қабылдау тұрақтылығы мен рационы, жалпы ішкі тәртіп бойынша жағдайы толығымен қарастырылғанын көрді. Қоғамдық қабылдау барысында азаматтар тарапынан ешқандай арыз-шағым болмағаны – соның көрінісі.

Тағы бір жасөспірім үй-ішімен қауышты

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесіне 2022 жылдың Қаңтар оқиғасындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен түскен В.В.Садкевич 17 ақпанда тергеу изоляторынан босатылды.
Жасөспірімнің тергеу ісі әкесінің ұсынымымен жеке кепілгерлік бұлтартпау шарасына ауыстырылды. Тергеу изоляторында қамақта болған уақытта жасөспірімнің жалпы денсаулығына нұқсан келтірілмеген. Қазіргі жай-күйі қанағаттанарлық, эмоционалдық жай- күйі тұрақты және көңіл-күйі бірқалыпты.
Баласымен қауышқан әкесінің көңілі орнына түсіп мекеме қызметкерлеріне алғысын білдірді. Мекемеге келіп түскен күннен бері күдікті толығымен психологиялық тұрғыда қамтамасыз етіліп, профилактикалық іс шаралар жүргізілді. Психологиялық тұрғыда күдіктімен жеке әңгіме-сұхбат, бақылау, түрлі тренингтер жүзеге асырылды. Күдікті тарапынан ешқандай арыз-шағым болмады. Жасөспіріммен мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен тәрбиелік мәні бар сұхбаттар жүргізілді.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.