A place where you need to follow for what happening in world cup

«Үстінен 16 вагон жүріп өткен» – Жамбылда ер адам пойыз астына түсіп көз жұмды

533

Жамбыл облысы Шу ауданында пойыз ер адамның денесін екіге бөліп өтті. Марқұмның үстінен жалпы салмағы 931 тонна болатын 16 вагон қатарынан өткен.

Негізі қайғылы оқиға 15 ақпан күні Шу станциясында тіркелген. Туыстарының айтуынша қаза болған азамат бұған дейін де өз-өзіне қол салатындығын айтқан көрінеді. Сондықтан ер адам суицид жасады деп болжануда.

Ал ІІМ берген ақпаратқа сүйенсек, марқұм 44 жастағы Өзбекстан мемлекетінің азаматы екен. Алайда ұлты қазақ. Қазір оқиға бойынша «өзін-өзін өлтіруге дейін жеткізу» бабы аясында қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.