A place where you need to follow for what happening in world cup

Саяси реформалар кезеңі

2 617

Тоқыраулардан кейін міндетті түрде жаңа даму кезеңі басталатынын тарихтан білеміз. Тәуелсіз Қазақстанды да үлкен бетбұрыстар күтіп тұр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда сөйлеген сөзінде осы күзде жаңа саяси реформаларды жариялайтынын мәлім еткен болатын. Алайда Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы бұл жаңару жүйесін Наурыз айында халыққа Жолдауында ұсынатынын айтты.

Жаңа Қазақстанның негізгі бағдары болатын жаңа жүйенің Наурыз айында жариялайтыны үлкен үміт сыйлайды. Себебі, халқымыз үшін бұл ай – жаңа жылдың бастауы. Үлкен жақсылық күтеді. Ертеңнен үміт күтеді. Сондықтан, елді жаңа белестерге бастайтын өзгерістер жүйесінің тура осы айда жария етілетінін көпшілік жақсылыққа балап отыр.

–Мен бастапқыда жаңа саяси реформаларды күзде жариялаймын деп ойлағам, бірақ саяси реформаларды наурыздың ортасында халыққа Жолдауымда ұсынатын болдым. Қазіргі таңда жұрт реформаларды зор үмітпен күтіп отырғанын білемін. Сондықтан, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу жолдадым. Онда айтылған мәселелерді көпшілік қолдап отыр, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, кез келген қиындықтың артында үлкен мүмкіндіктер тұрады. Сондықтан, біз әрқайсымыз Отанымызды өркендетуге ұмтылуымыз керек.

Жобасы мен бағдары айқын жүйені енгізу үшін ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ. Өзгерістер батыл қадамнан басталуы тиіс. Ендеше, Президенттің жаңа саяси реформалары үлкен серпіліс әкеледі деп күтейік. Елдің болашағы жарқын болатынына сенейік!

Әбдіғали Шолақ
Дулати университетінің профессоры

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.