A place where you need to follow for what happening in world cup

Адам өмірі бәрінен құнды

189

2022 жылдың 17-ақпан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Өнер және спорт» факультетінің ұйымдастыруымен 5.1-111 оқу ғимаратында «Адам өмірі бәрінен құнды» тақырыбында кездесу өтілді.

Аталған кездесуге Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері полиция майоры Байназарова Гульзат Жетписбаева, майор Хакимов Рауф Алимович және университет құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы қатысты.

Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Жанар Бекбергенова кездесудің мақсатын жастар арасында құқықбұзушылық пен діни экстремизм әрекеттерін алдын-алу және тәрбие бағытында ақпараттық -түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция  қызметкерлері түсіндіру жұмысы барысында  жастардың бойында патриоттық және жауапкершілік қасиеттері әрқашанда басым болу керектігін айтылды. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті бұзбай  және қылмыстық әрекеттерді жасамай білімді, тәрбиелі тұлға ретінде қалыптасу қажет екенін баса айтты.  Егерде тәртіп  бұзған жағдайда әкімшілік құқықбұзушылықтың 434, 435, 442, 492, 127-баптары немесе қылмыстық кодексі 191, 192, 293, 188-баптар бойынша жауапкершілікке тартылатыны жайында мәлімдеді.

Қазіргі таңда білім беру мекемелеріне құқық қорғау орган қызметкерлерін жиі шақырып, жастар арасында құқықтық сауаттылығын қалыптастыру өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Жанар Бекбергенова

«Өнер және спорт» факультетінің

тәрбие іс жөніндегі декан орынбасары                     

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.