A place where you need to follow for what happening in world cup

Мәжіліс депутаттары түзеу мекемесінде

139

Ағымдағы жылдың 17 ақпанында жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұрымова Гүлдар Алданышқызы, Раззак Назилия Раззакбайқызы, Төлепберген Мейрамбек Мылтықбайұлы, Буларов Ілияс Юсупұлы және облыс әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Төлендиев Қасымхан Естемесұлы ҚАЖ департаменті бастығы әділет полковнигі Нияз Қанатұлы Рыспаев Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде іс-сапармен болды Жамбыл облысының Прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен жаппай тәртіпсіздіктер бойынша адамдар ұсталатын камераларды және мекеменің медициналық-санитариялық бөлімін аралап, 2022 жылғы қаңтарда орын алған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жүргізілді.

Қабылдау барысында тергеудегі және сотталғандардың ұсталатын қапастары сонымен қатар тағам қабылдау тұрақтылығы мен рационы, жалпы ішкі тәртіп бойынша жағдайы толығымен қарастырылды. Мекемені аралау барысында, тергеудегілер мен сотталғандар тарапынан ешқандай мекеме басшылығына және мекеме қызметкерлеріне арыз-шағым болмады, ішкі тәртіп ережелері заңға сәйкес. Мекеменің жалпы ұстау жағдайы мен тәртіп ережелеріне ескерту жоқ.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.