A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда соңғы екі айда 6 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

156

Жамбыл облысы бойынша ақпан айының аяғына дейін 241 864 адам ревакциянациядан өтеді деп жоспарланған. Оның ішінде Сарысу ауданында 7 068 адам КВИ-ге қарсы екпенің үшінші дозасын алуы қажет. 15 ақпандағы ресми мәлімет бойынша 5 293 адам екпе қабылдап, жоспар 74,9 пайызға орындалған.

Өткен жылы ауданда вакцинациялаудың 1-ші компонентін қабылдау көрсеткіші 100-ға (20 819) жеткен. Ал, 2-ші компонентті сәйкесінше 20 575 адам қабылдап (98,9%), қалған вакцина өз кезегімен және уақытымен жоспарлы түрде салынуда.

Мұнан бөлек, ауданда «Pfizer» вакцинасын да ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артқан. Бұл екпе түрін қабылдайтын сарысулықтар саны – 4 711. Соңғы тәуліктің өзінде 113 адам аталған екпе түрін қабылдаған. 15 ақпандағы мәлімет бойынша Pfizer-дың 3 155 (67%) дозасы салынды.

Жалпы ауданда ревакцинациялауға жататын 20 795 адам бар. Ол үшін аудан бойынша 6 вакцина егу пункті ұйымдастырылды.

Айта кетейік, республика бойынша өткен тәулікте 1 508 адам короновирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. 15 ақпандағы жағдай бойынша Жамбыл облысында 15 адамнан КВИ белгілері анықталған.

Сарысу ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының берген мәліметінше, ауданда жыл басынан бері 140 адам індет жұқтырған. Бүгінде 7 науқас жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Жағдайлары тұрақты.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.