A place where you need to follow for what happening in world cup

Әйел ұл босану үшін басына шеге қағып тастаған

394

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясының полициясы халық емшісінің кеңесімен басына шеге қаққан әйелді іздеп жатыр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі Dawn басылымына сілтеме жасап.

Мұндай процедура келіншектің ұл тууына көмектесуі керек болатын.

Полиция басына шеге қадалған әйелдің рентген нәтижесін көрген. Бұл сурет желіде кең тарап кетті.

Пешавар полициясының басшысы Аббас Ахсан «жазықсыз әйелдің өмірімен ойнап, оның басын жалған уәдемен толтырған жалған емшіні жауапқа тарту үшін арнайы топ құрылды», – деді.

Оқиғаның егжей-тегжейін нейрохирург Хайдер Сулеман айтып берді.

«Зардап шегуші қансырағандықтан ауруханаға жеткізілді. Ол дәрігерге оның құрбысы да басына шеге қағып, ұл туғанын айтты», – дейді дәрігер.

Дәрігерлер денсаулығын құрбан еткен келіншек үш қыздың анасы екенін, күйеуі ұл тумағандықтан оны тастап кеткісі келетінін айтты.

«Ол жүктіліктің үшінші айында болатын, қыз туамын деген қорқыныштан емшіге барған. Емші дұға оқылған шегені келіншекке берген. Әйел үйіне оралып, басына шеге қағып тастаған», – деді аурухана қызметкерлері.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.